Министр жол апатынан қаза тапқан фельдшердің жақындарына көңіл айтты
Министр Алматыда жол апатынан қаза тапқан фельдшердің жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.
«Жедел медициналық жәрдем фельдшері Насиба Мұхтарқызы Жаңабаеваның қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқаны туралы қаралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым», - деп жазды Ақмарал Әлназарова.
23 жастағы Насиба Мұхтарқызы төрт ай бұрын ғана Алматы қаласының жедел жәрдем қызметіне жұмысқа тұрған екен.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: