«50 cent» концертіне жалған билеттер сатқан алаяқ ұсталды

28 қараша 2023 21:51 / Новости Казахстана

Алматыда «50 cent»-тің концертіне жалған билеттерді сатқан 18 жастағы жігіт ұсталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Алматыда 18 жастағы Л. есімді азамат билет сататын компанияның ресми өкілінің атын жамыла отырып, Instagram арқылы билет алуға өтініштерді қабылдаған.

Сондай-ақ әлеуметтік желіде ауқымды жарнамаға SMM менеджерін жалдаған. 

Алматы қалалық криминалдық полиция басқармасы күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді. 

«Алмалы аудандық полиция басқармасында алданған азаматтардың арыздары негізінде ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс тіркелді. Жас жігіт «50 cent»-тің концертіне жалған билеттерді сатқан. Алаяқтың басқа да болуы мүмкін құрбандарын анықтауға бағытталған тергеу іс-шаралары жалғасуда», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Серіктес жаңалықтары