Айзат Жұманованың өлімі: Прокурор жаза сұрады

8 қаңтар 2026 14:43 / Новости Казахстана

Былтыр шілдеде Жетісу облысының Баласаз ауылында 32 жастағы Айзат Жұманова ауыр соққы мен азаптау салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Талдықорған сотында марқұм келіншектің өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Прокурор Айзат Жұманованың өлтірген күйеуі Айбар Жанболатты 15 жылға соттауды сұрады.

Тергеу деректеріне сәйкес, 33 жастағы ер адам мас күйінде үйінің маңында әйелін ұрып-соғып, тепкілеген. Ер адам Айзат есінен танып қалса да ұруды жалғасырған. Кейін, Айбар Жанболат қан жоса болған әйелін ауруханаға өзі алып барады.

Сот отырысында куәгерлердің айғағы мен айыпталушының кінәсін растайтын сараптама қорытындылары ұсынылды. Сот-медициналық сарапшылар жарақаттардың өмірге қауіп төндіргенін мәлімдеді. Осылайша Айбар Жанболатқа «Адам өлтіру» бабы бойынша айып тағылды. Қазір сот процесі жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары