Атырауда сарайдан мәйіті табылған ерлі-зайыптылар бүгін жер қойнына тапсырылады

Атырау облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кетіп, 2 айдан кейін денесі табылған ерлі-зайыптылардың жерлеу рәсімі бүгін, 8 қаңтар күні өтеді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мәйіттер Қызылқоға ауданының орталығы Миялы ауылынан жеткізілуі тиіс. Бұл туралы Жангелдин ауылының әкімі Қанат Ғайса хабарлап, жерлеу рәсімін туыстарының өздері атқарып жатқанын айтты.

Бұл уақытта кісі өлтіру дерегі бойынша басталған тергеу жалғасуда. Қаза тапқандардың 29 жастағы күйеу баласы — Сұлтан Сәрсемәлиев негізгі күдікті болып іздестіліп жатыр. Тергеу сондай марқұмдардың үлкен қызы — Сұлтанның жұбайы әрі бес баланың анасы Ақбаянның жоғалуына да назар аударуда. Оның қайда екені әзірге белгісіз.

Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Сұлтан мен Ақбаянның отбасы айналасындағылармен сирек араласқан және қоғамдық орындарда көп көрінбеген. Ақбаян тіпті туыстарымен де сирек араласыпты. Ал қаза тапқан ерлі-зайыптылар ресми түрде еш жерде жұмыс істемеген.

Әлеуметтік желілерде күдікті адамның шетелде болуы мүмкін деген ақпарат тарауда.

Атырау күйеу бала Отбасы Марқұм

Тақырыпқа жаңалықтар