“Алдыма отыр”: Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаеваға басшысы сұмдық әрекет жасаған

24 маусым 2025 11:06 / Новости Казахстана

Белгілі дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ол ондаған жылдар бойы Ш.Қалдаяқов атындағы филармонияда еңбек етіп жүргенін, бүгін сол өнер ордасының сахнасынан қуылғанын айтты. Әнші өз сөзінде облыстық басшылықтан көмек сұраған. Айтуынша филармония басшысы өзіне түрлі жолдармен тиіскен. Тіпті сезімін айтып, әнші бас тартқан кезде қысым көрсеткенге ұқсайды.

"Ұят та болса айтайын. "Алдыма отыр", "Сені иіскеуім керек" деген сөздерді айтты. Мен өзім еңбек ететін орындағы кемішіліктерді жиі айтамын. Ол дегеніңіз қазіргі жұмыс орнымнан кетуге ұмтылу емес. Мен осы жерден зейнетке кеткім келеді. Мен көтерген мәселені қарап, шешіп берулеріңізді сұраймын. Облыс әкімі, маған жасалған қастандықта араша болуыңызды өтінемін.",-деп жазды әнші видео үндеуінде.

Серіктес жаңалықтары