Ақтөбелік кәсіпкер Рахат Сәрсеновтің отбасына баспана сыйлады
Жылқышы Рахат Сәрсеновтің отбасы баспаналы болды ,деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Оның айтуынша, Ақтөбе қаласындағы жергілікті кәсіпкерлердің бірі Рахат Сәрсеновтің отбасына тұрғын үй сыйлаған. Бұл жаңалықты естіген қария толқып, көзіне жас алған.
«Жұмысымнан көрмеген жақсылықты халықтан көрдім», – деді Рахат Сәрсенов.
Журналист қиын кезеңде қолдау білдірген кәсіпкерге және жанашырлық танытқан барша қазақстандықтарға алғыс айтып, «Алла разы болсын!» деген тілегін жеткізді.
Сонымен қатар, Рахат Сәрсеновтің ісі бойынша құқықтық жұмыстар жалғасып жатқаны белгілі болды. Мәліметке сәйкес, заңгерлер қажетті арыз-шағымдарды әзірлеп, істі қайта қарауға бағытталған құқықтық рәсімдерді бастап кеткен.