Астанада мас күйде көлік айдаған судьяның ісін Бас прокуратура қарайды
4 қараша 2025 19:50 / Новости Казахстана
Астанада мас күйде көлік айдаған судьяның ісі Бас прокуратураға жолданды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 1 қараша күні сағат шамамен 04:30-да «Хан Шатыр» сауда орталығы маңында полиция «Mazda-6» көлігін тоқтатқан. Көлік тізгінінде азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы отырған.
Тексеру барысында оның мас күйде болғаны анықталды. Судья жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жүргізуші куәлігімен жүрген.
«Осы оқиға бойынша материалдар Жоғары сот кеңесіне ұсыныс енгізу және судьяны заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тарту үшін Бас прокуратураға жолданды», – деп хабарлады ІІМ.
10 қараша 2026 17:14 / Новости Казахстана
Қар мен көктайғақ: Қазақстанның қай өңірлерінде ауа райы күрт бұзылады?
10 қараша 2026 16:25 / Новости Казахстана
Алматыда қауіпсіздік белдігін тақпаған әйел жауапқа тартылды
10 қараша 2026 15:15 / Новости Казахстана
Абай облысында тереңдігі 15 метрлік карьерден заңсыз алтын өндірілген
10 қараша 2026 14:31 / Новости Казахстана
«Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді» - Тоқаев
10 қараша 2026 12:32 / Новости Казахстана
Қазақ тілін дамытуға жиналған қаражат 824 миллион теңгеге жетті
10 қараша 2026 9:14 / Новости Казахстана