Баласының еміне деп ақша жинаған отбасыға қатысты сот үкімі шықты
Астана қаласының ауданаралық қылмыстық соты Тотақановтарды баласын емдеу мақсатында жинаған қайырымдылық қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Сондай-ақ мүлкін тәркілеп, 10 жыл қайырымдылықпен айналысу құқығынан айырды.
Сот материалдарына сәйкес, ерлі-зайыпты әлеуметтік желі арқылы 2,2 млрд теңге қаражат жинаған. Оның 1,4 млрд теңгесі қайырымдылық ретінде алынғанымен, тек 6,4 млн теңге ғана баланың еміне жұмсалған.
Қалған қаражат жеке қажеттіліктеріне пайдаланылған:
Екі пәтер - 47 млн теңге;
Жер учаскелері - 8 млн теңге;
«LEXUS RX 300» - 28 млн теңге;
«Hyundai Santa Fe» - 8,2 млн теңге;
«Toyota Camry 75» - 15 млн теңге;
«Toyota Land Cruiser Prado» 150;
Брендтік тауарлар мен құмар ойындар - 9,7 млн теңге;
«Facebook Ads» жарнама платформасына төлем - 481 млн теңге;
Қарыздарын өтеу - 349,5 млн теңге.
ҚР ҚК-нің 74-бабының 1-бөлігін қолдана отырып, сот Тотақановаға кәмелетке толмаған баласы барын ескеріп, жазаны өтеуді 2 жылға кейінге қалдырды.