Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Мамандар бейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Arbat.media.
Оңтүстік циклон және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөлімдердің әсерінен Қазақстанның батыс, солтүстік аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында күн ашық болады. Түнде және таңертең еліміздің солтүстігінде тұман түсуі мүмкін.
Күндіз Алматы, Қарағанды, Жетісу, Абай Ақмола Қостанай, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облысының кей аумақтарында ыстық болады. Ал Ұлытау облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысында 40-43 градус өте қатты ыстық болуы мүмкін.
Астанада күн ала бұлтты, ыстық болады. Күндіз ауа температурасы +34+36°C, желдің жылдамдығы 7-12 м/с.
Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +31+33°C, желдің жылдамдығы 3–8 м/с.
Шымкентте күн ашық. Күндіз ауа температурасы +36+38°C, желдің екпіні 3–8 м/с.