Биыл 1 676 адам коронавируспен ауырды

2 қазан 2024 14:00 / Новости Казахстана
Фото: euronews.com

Биыл елімізде 1 676 адам коронавируспен ауырды. Бұл туралы ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сархат Бейсенова айтты. Орталық референдум комиссиясы отырысындағы дерегінше, коронавирусқа шалдыққандардың арасында өлім-жітім тіркелген жоқ. Сонымен қатар өткен жылмен салыстырғанда науқастану деңгейі 7 есеге төмендеді. Ал қыркүйек айында еліміз бойынша 252 жағдай тіркелді. Бұл 2023 жылдың қыркүйегіндегі мәліметтен 2 есе аз, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«ЖРВИ мен тұмауға келер болса, жыл сайын елімізде, эпидемологиялық маусым кезінде 3-4 млн жіті респираторлық вирустық инфекция және 2 мыңға дейін тұмау тіркеледі. Осы жылдың қыркүйегінде елде 544 мың ЖРВИ тіркелді. Бұл өткен жылыдң қыркүйегімен салыстырғанда 27 пайызға төмен. Тұмау жағдайлары тіркелген жоқ», - деді ол.

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, тұмауға қарсы вакцина сатып алынды және халықтың екпе алынуы тиісті санатына екпе жасалып жатыр.

Сондай-ақ ол Орталық референдум комиссиясына референдум өткізу кезінде дауыс берушілердің легін реттеуге кеңес берді.

Серіктес жаңалықтары