Блогер Қайсар Қамзаға халықаралық іздеу жарияланды

14 қаңтар 2026 11:33 / Новости Казахстана

Сот санкциясымен оның 182 мыңнан астам доллар көлеміндегі криптоактивтеріне тыйым салынды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі мәлімдеді.

Қайсар Қамзаға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған. Отандық блогер заңсыз ойын бизнесіне жәрдемдесті деген күдікке ілініп отыр.

Күдікті әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарын пайдалана отырып, қазақстандықтар үшін «Pinco» сайтында тіркелуге және құмар ойындарға қатысуға бағытталған тікелей сілтемелерді, графикалық элементтерді және үндеулерді қамтитын бейнематериалдар мен жарияланымдарды жүйелі түрде орналастырған. Сондай-ақ, бейнероликтер астында пайдаланушыларға бонус беретін жеке промокод көрсеткен.

Заңсыз жолмен алынған кірістерді жасыру мақсатында блогер криптоәмиянды пайдаланған.

Серіктес жаңалықтары