БҚО-да жол апатынан 3 адам көз жұмды
17 желтоқсан 2025 19:56 / Новости Казахстана
Батыс Қазақстан облысында жол апаты болып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қайғылы жағдай 16 желтоқсан күні кешкі сағат 20:30-да болған. KIA K5 көлігін тізгіндеген 36 жастағы жүргізуші рульді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Ол 51 жастағы жүргізуші басқарған ВАЗ-2104 автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан ВАЗ-2104 көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Полиция мәліметінше, көлік құралдары арнайы айып тұрағына қойылды. Қылмыстық іс қозғалып, KIA K5 жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.
11 қараша 2026 9:30 / Новости Казахстана
11 қарашада ауа райы қандай болады?
10 қараша 2026 17:14 / Новости Казахстана
Қар мен көктайғақ: Қазақстанның қай өңірлерінде ауа райы күрт бұзылады?
10 қараша 2026 16:25 / Новости Казахстана
Алматыда қауіпсіздік белдігін тақпаған әйел жауапқа тартылды
10 қараша 2026 15:15 / Новости Казахстана
Абай облысында тереңдігі 15 метрлік карьерден заңсыз алтын өндірілген
10 қараша 2026 14:31 / Новости Казахстана
«Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді» - Тоқаев
10 қараша 2026 12:32 / Новости Казахстана