Медицина қызметкерлерін қорғайтын заң қабылданды

Медицина қызметкерлерін қорғайтын заң қабылданды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Депутат Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, жаңа бапта зорлық-зомбылық пен қорқыту үшін жеке жауапкершілік көзделген.

Қорқыту үшін көзделген жаза айтарлықтай жеңілдетілді. Бастапқы ұсыныспен салыстырғанда қоғамдық жұмыс көлемі 600 сағаттан 300 сағатқа дейін қысқартылды. Айыппұл мөлшері азайып, бас бостандығын шектеу немесе айыру мерзімі 3 жылдан 2 жылға дейін төмендетілді.

Егер ауыр мән-жайлар болса:

3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу;

немесе 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

медицина қызметкер Заң бостандық

Тақырыпқа жаңалықтар