Екі баланы ит талап тастады
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында ит талаған екі бала ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасыныңбаспасөз қызметі жарилады.
Оқыс оқиға Глубокое ауданы Белоусовка кентінде болған.
Аулада ойнап жүрген екі балаға ит шабыл жасап, талап тастаған. Қазір екеуі Өскемендегі Ана мен бала орталығына жатқызылды.
Медициналық көмек көрсетілген балалар дәрігерлер бақылауына алынған.
«Балалардың бірінің жағдайы жақсарып қалды. Ал бет терісінде көптеген тістелген жарақаты бар екінші пациентке шұғыл түрде ота жасалды. Қазіргі уақытта оның жағдайы қалыпты», - дейді басқарманың баспасөз хатшысы Әсем Қайратбек.
Бастапқыда балалардың бірі өзін ит талағанын мойындамай, әйнекке құлап қалғанын айтқанымен, жарақаттарынан ит қапқаны айқын көрінген.