Ереже бұзған 400-дей түлектің ҰБТ нәтижеcі жойылды
22 маусым 2024 10:00 / Новости Казахстана
400-дей түлек тест ережесін бұзған. Түлектердің орташа балы – 68. Ұлттық тестілеу орталығы 396 түлектің тест нәтижесі жойылғанын мәлім етті, - деп хабарлайды Arbat.media.
ҰБТ басталғалы бері 211 мың рет тест тапсырылған. Оның ішінде талапкерлердің 76 пайызы шекті балл жинап отыр, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Түлектердің орташа балы – 68, ал әзірге республика бойынша ең жоғары балл – 138. Сондай-ақ ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттілігі бар 577 талапкер қатысты.
Атап айтқанда:
- смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 267 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
- тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 120 адам шығарылды;
- бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 9 адамның нәтижесі жойылды;
- бөгде тұлғалар анықталған жоқ.
Тестке қатысушылардың басым бөлігі, яғни 18 пайызы «Математика-Физика», 16 пайызы «Биология-Химия» пәндер комбинациясын тапсырды. Түлектердің 15 пайызы «Шығармашылық емтихан» комбинациясын таңдаған.
22 мамыр 2026 18:33 / Новости Казахстана
Астана-Щучинск тас жолында жеңіл көлік бұланмен соқтығысты
22 мамыр 2026 17:10 / Новости Казахстана
Қостанай облысындағы су айдындарының бірінен қыздың мәйіті табылды
22 мамыр 2026 16:44 / Новости Казахстана
Ақтауда есірткі жарнамалаған тұрғын түрмеге қамалды
22 мамыр 2026 15:36 / Новости Казахстана
Қазақстанда ерлі-зайыпты есірткі өндірумен айналысқан
22 мамыр 2026 14:35 / Новости Казахстана
Жан-жақтан қысып жатыр: емші Бағдагүл халықтан жылап көмек сұрады
22 мамыр 2026 13:20 / Новости Казахстана