«Ертіс орманы» резерватында ағаш ұрлығы 97 пайызға азайған

11 қазан 2024 10:00 / Новости Казахстана
Фото: «Ертіс орманы» резерваты

«Ертіс орманы» резерватында ағаштарды заңсыз кесу оқиғаларының күрт азайғаны тіркеліп отыр. Биыл жыл басынан орман ұрлығына қатысты небәрі бір факті анықталған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватынан хабарлады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

- Резерват қызметкерлері мен тәртіп сақшыларының бірлескен жұмысының нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда биыл заңсыз ағаш кесу 97 пайызға азайды. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2023 жылдың 9 айында заңсыз ағаш кесудің 30 оқиғасы тіркеліп, көлемі 452,5 текше метр (келтірілген шығын көлемі - 9 млн 328,1 мың теңге) залал келтірілген. Ал жыл басынан «Ертіс орманы» бойынша 2,2 текше метр көлемінде заңсыз ағаш кесу және орман ұрлаудың бір фактісі тіркелді,-деп жауап берді Kazinform тілшісінің сауалына резерваттың бас директорының міндетін атқарушы Қазбек Әметов.

 

Серіктес жаңалықтары