Ғылым саласында 51 млрд теңгенің заң бұзушылығы анықталды

11 қараша 2026 17:22 / Новости Казахстана

Бұл туралы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов мәлімдеді. Смайыловтың сөзінше, аудит тағы 47 млрд теңгенің тиімсіз жоспарланып, пайдаланылғанын анықтаған. Ал шығын мен жіберіп алған пайда 16 млрд теңгеге жеткен, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ғылымды қаржыландыру 2022–2025 жылдары 122 млрд теңгеден 262 млрд теңгеге өскенімен, жобалардың нәтижелілігі төмен. Аяқталған 141 жобаның тек 38-і тұрақты өнім сатуға қол жеткізген. 36 дерек әкімшілік іс қозғау үшін уәкілетті органдарға берілді. Тағы 3 дерек құқық қорғау органдарына жолданады.

Серіктес жаңалықтары