“Өзімді қорғап жүруден шаршадым”: Дариға Бадықова жан сырын ақтарды

11 қараша 2026 13:25 / Новости Казахстана

Актриса Дариға Бадықова өзіне жылулық пен қамқорлық жетіспегенін айтып, жеке өміріндегі сезімдерімен бөлісті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Өнер иесінің айтуынша, көпшіліктің ықыласына бөлену адамның жеке өміріндегі махаббат пен қолдаудың орнын толтыра бермейді. Экранда түрлі образды сомдап жүргенімен, күнделікті өмірде оның да шешімін таба алмайтын мәселелері, қиналатын кездері бар.

“Мен өнеріммен ғана ерекшемін. Ал өмірде мен де қарапайым адаммын. Менің де жүрегім бар. Мен де көп нәрсені шеше алмаймын, қиындықтар болады. Иә, маған жылулық жетіспеді. Халықтың махаббатына бөлену бір бөлек, ал сенің жеке өмірің бар ғой. Екеуі – екі бөлек махаббат”, – деді актриса.

Серіктес жаңалықтары