Көкшетауда жаяу жүргіншілер өткелінде төрт бала көлік астына түсті

6 тамыз 2026 14:21 / Новости Казахстана

Көкшетауда жаяу жүргіншілер өткелінде жол-көлік оқиғасы болып, төрт кәмелетке толмаған бала зардап шекті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға 4 тамыз күні болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Jetour маркалы автокөліктің жүргізушісі жаяу жүргіншілерге жол бермей, өткелден өтіп бара жатқан төрт баланы қағып кеткен.

Салдарынан балалар түрлі дене жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілген. Дәрігерлердің тексеруінен кейін олардың барлығы амбулаториялық ем алуға жіберіліп, үйлеріне қайтарылды.

Полиция жүргізушіге қатысты жаяу жүргіншілерге жол бермеу дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырған. Ал зардап шеккен балалардың ата-аналары жүргізушіге қатысты арыз-шағым түсірмеген.Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, көлік тізгінінде әйел адам болғаны айтылады. Алайда бұл ақпаратқа қатысты ресми органдар әзірге түсініктеме берген жоқ.

Серіктес жаңалықтары