«Kyzdar. net» ісі: жеңгетайлықпен айналысқан күдікті Грузиядан экстрадицияланды

12 қараша 2026 11:29 / Новости Казахстана

Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген өзбекстандық әйелді Қазақстанға жеткізді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тергеу мәліметінше, ол сыбайластарымен бірге «Kyzdar. net» сайтындағы сауалнамалардың шотын толтыруға өтінім қабылдап, интимдік қызметтерді жарнамалау арқылы тұрақты табыс тауып отырған.

Түскен ақшадан өз үлестерін алып, қалғанын сайт әкімшілігіне аударған.

Бұл топтың өзге мүшелері бұған дейін сотталып үлгерген .

Шілдеде Грузияда ұсталған күдікті қазір тергеу изоляторында отыр.

Оған мүлкін тәркілеумен қатар 10 жылға дейін түрме жазасы тағайындалуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары