«Қызыл-Жар» футбол клубының бұрынғы президентіне мемлекетаралық іздеу жарияланды
11 қараша 2026 16:12 / Новости Казахстана
Қаржылық мониторинг агенттігі 1954 жылғы, Қазақстан Республикасының азаматы, Грузия Республикасының Гудаута қаласының тумасы, «Қызыл-Жар СҚ» футбол клубы» ЖШС-нің бұрынғы президенті Григорий Лорияға мемлекетаралық іздеу жариялады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ол 414 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды және салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінген. Тергеу мәліметінше, күдікті жалған қаржылық құжаттарды пайдаланып, бюджет қаражатының негізсіз аударылуын ұйымдастырған. Сондай-ақ салық есептілігіне жалған мәліметтер енгізген.
2023 жылы клубты қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінген.
ҚМА Г. Лорияның қайда жүргенін білетін азаматтарды +7 (7172) 70-84-78 нөміріне хабарласуға шақырды.
11 қараша 2026 14:13 / Новости Казахстана
Төртем дүниеге келген отбасыға 3 бөлмелі пәтер сыйға берілді
11 қараша 2026 13:25 / Новости Казахстана
“Өзімді қорғап жүруден шаршадым”: Дариға Бадықова жан сырын ақтарды
11 қараша 2026 12:32 / Новости Казахстана
Шымкентте өрт болған үйден бір адамның денесі табылды
11 қараша 2026 11:25 / Новости Казахстана
Жамбыл облысында үш жасөспірімнің өліміне қатысты жеті оқушыға айып тағылды
11 қараша 2026 9:30 / Новости Казахстана
11 қарашада ауа райы қандай болады?
10 қараша 2026 17:14 / Новости Казахстана