Докторанттардың шәкіртақысы 500 мың теңгеге дейін көтеріледі

11 қараша 2026 18:35 / Новости Казахстана

Қазақстанда PhD докторанттарының ай сайынғы шәкіртақысы 2029 жылға дейін 500 мың теңгеге дейін ұлғайтылуы мүмкін. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Құрылтай отырысынан кейінгі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта докторанттар ай сайын шамамен 260 мың теңге шәкіртақы алады. Соңғы бес жылда оның мөлшері екі есе өскен.

Саясат Нұрбек бұл бағыттағы жұмыс жалғасатынын және алдағы үш жылда шәкіртақыны тағы көтеру жоспарланып отырғанын айтты.

«2029 жылға дейін шәкіртақы 500 мың теңгеге дейін көтеріледі. Осындай жоспар бар», - деді министр.

Серіктес жаңалықтары