ӘлемБүгін, 13:18

Мексикада ең ісі есірткі ұйымының жетекшісі өлтірілді

Мексика армиясы жүргізген операция барысында Немесио Рубен Осегера Сервантес, «Эль Менчо» деген атпен танымал , Халиско («Жаңа буын») картелінің жетекшісінің көзі жойылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, ең ірі есірткі ұйымының жетекшісі Тапальпа қаласы маңында болған атыс кезінде жараланып, ауруханаға барар жолда көз жұмған.

Ел президенті Клаудия Шейнбаум Эль Менчоның қазасынан кейін елдің барлық аймақтарының әкімшіліктерімен үйлестірілген жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Ол сондай-ақ әскерилердің жұмысын жоғары бағалады.

АҚШ Эль Менчоның өлімін Мексика, АҚШ және Латын Америкасы үшін «маңызды оқиға» деп атады. АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау мексикалық қауіпсіздік күштерін Эль Менчоны жойғанымен құттықтап, оны «ең қанқұйлы әрі қатыгез наркобарондардың бірі» деп атады. Мексика билігі операцияның АҚШ-пен үйлестіріле жүргізілгенін мәлімдеді.

Эль Менчо содырлары Халиско штатында және өзге өңірлерде шабуылдар ұйымдастыруда. Дүкендер мен дәріханаларды, мемлекеттік банктерді өртеп, көліктерді айдап әкетіп, жолдарды жабуға тырысуда. Шабуыл салдарынан елдің кейбір аймақтарында көлік қозғалысы тоқтаған.

Мексика Шабуыл Есірткі Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар