ӘлемБүгін, 16:42

Қырғызстанда ҰҚМК-ның тағы бір қызметкері ұсталды

Қырғызстанда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің 6-басқармасының басшысы ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ол «Грудак» деген лақап атпен танымал болған.

Бішкек қаласы бойынша ҰҚМК-ның 6-басқарма басшысын әскери прокуратура ұстаған. Күштік құрылымдар шенеунікті сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұстаған.

Бішкектің Бірінші май аудандық соты күдіктіні 15 сәуірге дейін уақытша ұстау изоляторына қамау туралы шешім шығарды.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Тергеу органдары басқармадағы өзге де тұлғаларды тексеруде.

 

Ең қызығы, Қырғызстанда ұсталған жедел қызметкерлердің бәрінің дерлік лақап аттары бар. Олардың қатарында «Лизун», «Вазелин», «Пито» деген аттар бар. Арнайы қызмет төрағасының орынбасары Алишер Эрбаев ҰҚМК-да қызметкерлерге лақап ат берілмейтінін мәлімдеді.

қырғыз Қыдмыс ұсталды сот

Тақырыпқа жаңалықтар