Қазақстанда қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар сабақтан уақытша шеттетіледі

Тиісті қаулыға еліміздің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова қол қойды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қызылша анықталған жағдайда екпе алмаған балалар балабақша мен мектепке уақытша қабылданбайды. Бұл шара инфекцияның таралуын тежеуге бағытталған.

Құжат 19 ақпаннан бастап күшіне енді.

Қаулыға сәйкес, білім беру басқармаларының басшылары балаларды вакцинамен қамту деңгейін кемінде 90%-дан төмен түсірмеуді бақылауға, сондай-ақ білім беру ұйымдарында күн сайын "таңғы тексеріс" жүргізуге міндетті.

Яғни, таңертең оқушылар мен педагогтер тексеріліп, ауру белгілері бар адамдардың ғимаратқа кіруіне жол берілмейді. Сонымен бірге ата-аналарға иммундаудың маңызы туралы түсіндіру жұмыстары күшейтіледі.

Мектеп Оқушы шеттету Денсаулық

Тақырыпқа жаңалықтар