ӘлемБүгін, 10:16

Украинаның экс-энергетика министрі елден бой тасалап бара жатып ұсталды

Экс-министр энергетика саласындағы ауқымды жемқорлыққа («Мидас» ісі) қатысы бар деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Arbat.Media.

Галущенкоға қатысты заң талаптарына және сот санкциясына сәйкес алғашқы тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Украинаның «Радио Свобода» қызметі экс-министрдің Киевке жеткізілгенін мәлімдеді.

Герман Галущенко 2021 жылдың сәуірінде Украина энергетика министрі қызметіне тағайындалған. Ал 2025 жылдың шілдесінде әділет министрі лауазымына ауысқан. Ол кеткеннен кейін Энергетика министрлігін Светлана Гринчук басқарды. 2025 жылдың қарашасында екеуі де «Энергоатом» айналасындағы және кәсіпкер Тимур Миндичке қатысты өрбіген жемқорлық жанжалына байланысты қызметінен босады.

10 қарашада Украинаның Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюросы «Энергоатом» мемлекеттік компаниясындағы қылмыстық ұйымның әрекетін әшкереледі. Тергеу жүріп жатыр. Жемқорлыққа қатысты күдікке ілінгендер «Энергоатом» нысандарын Ресейдің соққыларынан қорғауға бөлінген қаржыны жылыстатқан болуы мүмкін.

Украина министр Жемқорлық ұсталды

Тақырыпқа жаңалықтар