Нұрсұлтан Назарбаев өмірбаянында екінші әйелі бар екенін мойындады

30 қараша 2023 9:23 / Новости Казахстана

Нұрсұлтан Назарбаев өмірбаянында екінші әйелі бар екенін мойындады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы немістің DW телеграм арнасы Orda.kz-ке сілтеме жасай отырып жариялады. 
 
Қазақстанды 1989-2019 жылдар аралығында басқарған Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейресми екінші әйелі Әсел Құрманбаева деген қауесетті растады.

Бұл туралы оның «Менің өмірім» атты өмірбаян кітабында айтылған, деп хабарлайды Orda.kz.
 
Неке мұсылманның әдет-ғұрпымен қиылып, бұл некеден екі ұл дүниеге келді, деп жазады Назарбаев өз естелігінде.

Айтуынша, ол бұрын биші болған қызды алғаш рет жұмыс сапары кезінде, ұшақ баспалдағының жанында гүл шоғын ұстаған қыздар күтіп алғанда көрген.

«Оны ұзақ уақыт бойы ұмыта алмадым, ақ жүзі мен балбұл жайнаған көзін жиі есіме алдым», - деп мойындады Назарбаев.

БАҚ мәліметінше, Құрманбаева бұрынғы президенттен 40 жас кіші.

Айтуынша, 1999 жылы Әселдің «Қазақстан аруы» сұлулық байқауының бас жүлдесін жеңіп алғаны туралы хабарды көріп, қызды іздепті.

Ресми әйелім Сара Назарбаева мен үш қызым түсіністік танытып, кешіріммен қарады, дейді саясаткер.

Әсел Құрманбаева балет пен ұлттық биді дамыту қоры мен Қазақстанның көркем гимнастикасын қолдау және дамыту қорын құрды.

Оның есімі "Пандора архивы" мұрағатының офшор схемаларына қатысты тергеуінде кездеседі, - деп жазады DW.

Серіктес жаңалықтары