Қаскелеңде бір топ адам жаңа үйге кіреміз деп сан соқты

29 сәуір 2025 11:14 / Новости Казахстана

Алматы облысы Қаскелең қаласында көпқабатты тұрғын үйлерді салу кезінде аса ірі көлемде алаяқтық жасалған, деп хабарлайды Arbat.media.

Қаскелеңде «Tоредо» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылары 2021-2023 жылдары құрылыс саласында рұқсатсыз жұмыс істеген. Яғни лицензиясыз, қажетті құжаттарсыз және жобалық-сметалық құжаттамасыз қызмет атқарған.

Олар «НOME», «НOME Южный», «НOME SAU», «НOME МAK» тұрғын үй кешендерін әлеуметтік желілерде белсенді түрде жарнамалаған. Жарнама арқылы 100-ден астам азаматтан 972 млн теңге жинаған.

Сонымен қатар, құрылыс жұмыстары талапқа сай жүргізілмеген. Әрі белгіленген мерзімде аяқталмаған. Сол себепті үлескерлер сотқа жүгінген.

Сот санкциясымен күдіктілердің 240 млн теңгеден асатын мүлкіне тыйым салынды. Олардың ішінде 12 жер телімі, 9 автокөлік, аяқталмаған үш қабатты ғимарат және жеке тұрғын үй бар.

 

Серіктес жаңалықтары