40 қызметкер жұмыс орнында көз жұмды

Елімізде жыл басынан бері 40 адам жұмыс орнында қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.media.

Биыл 293 жұмысшы түрлі деңгейде жарақат алған. Оқыс оқиғалардың басым бөлігі өндіріс пен құрылыс саласында тіркелген.

Қаңтар-сәуір айларында жұмыс уақытында:

Қарағандыда — 31;

Қостанайда — 27;

Шығыс Қазақстан облысында — 24;

Ақтөбеде — 22;

Алматы қаласында — 19 адам зардап шеккен.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы тіркелген жазатайым оқиғалар саны өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 17%-ға азайған. Бұл көрсеткіштің төмендеуіне апаттық-құтқару қызметтеріне қойылған талаптардың күшеюі ықпал еткен.

жұмыс Қаза Апат

Тақырыпқа жаңалықтар