Қазақстандық ер адам 34 жылдан бері некеде болғанын жақында ғана білген

14 қаңтар 2026 18:32 / Новости Казахстана

Жамбыл облысының тұрғыны 34 жыл бұрын төрт ай ғана кездескен қызымен заңды некеде тұрғанын 2025 жылы банк қосымшасы арқылы білген, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мәліметке сәйкес, әйел мен ер адам 1991 жылы қысқа уақыт ғана кездескен. Кейін олар айырылысып, қыз 1994 жылы басқа адамға күйеуге шыққан. Ал ер адам 2021 жылы өзге әйелмен заңды некеге тұрған.

Ер адам бұрынғы сүйіктісімен арадағы некені жарамсыз деп тану үшін сотқа жүгінген. Сот мәліметінше, неке 1991 жылы заң талаптарын бұза отырып тіркелген. Ол кезде қыз бен жігіт Азаматтық хал актілерін тіркеу органдарына жүгінбеген. Құжаттарға қол қоймаған. Ал акт жазбасындағы қолтаңбалар үшінші тұлғаға тиесілі болған.

Сот бұл некені жарамсыз деп таныды. Себебі "қашықтан тіркелген неке" заңда қарастырылмаған.

Серіктес жаңалықтары