БҚО-да дәрігерге күш көрсеткен ер адам жазаланады

Батыс Қазақстанда дәрігерге қоқан-лоқы көрсеткен ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға Орал қаласында қаңтардың 10-нан 11-не қараған түні болған.

Түнгі қабылдау бөліміне жеткізілген науқас дәрігерге қоқан-лоқы көрсетіп, жағасынан алған.

Бейнебақылау камераларының жазбаларына қарағанда, ер адам мен медициналық қызметкерлер арасында жанжал туындады. Алдымен сөздік қақтығыс болды, кейін келуші бір қызметкерді бірнеше рет итерген. Әріптесіне көмекке аурухананың басқа қызметкерлері шұғыл келді.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, шақырту аурухана қызметкерлерінен түскен. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады және бөлімшеге жеткізді.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция медициналық қызметкерлерге олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде күш қолдану қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

БҚО Дәрігер Заң Жаза

Тақырыпқа жаңалықтар