Қостанай: Панажайда иттерді улағандар іздестіріліп жатыр

8 қазан 2024 13:00 / Новости Казахстана
ФОТО: КТК

Қостанайда панажайдағы иттерді жаппай улап өлтіргендер іздестіріліп жатыр. Тіпті еріктілер қастандық жасағандар туралы мәліметке қомақты сыйақы тағайындаған. Әлеуметтік желіде тараған видеода уланған иттердің әр жерде арам қатқан.  Олардың арасында жақын маңдағы тұрғындардың да иті бар.  Уланған төрт аяқты үй жануарының саны оннан асады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Еріктелер өлген итті әр жерден тауып жинап жатыр, деп жазады КТК телеарнасы.

Олар бұл қылмысты істеген күдікті аумақтағы ешбір бейнебақылау камерасына түспеген дейді.

Сондықтан жіті дайындалған деп болжайды. Карина Базарбаева,

Қостанай облысы ПД баспасөз хатшысы:

— Иесіз үй жануарларына арналған панажайда өлген иттерді тапқан. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Мән-жайды анықтау үшін қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары