Саран моноқала тізімінен шығарылды

29 қазан 2024 14:00 / Новости Казахстана
Фото: Саран қаласының әкімдігі

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында машина жасау саласының ел экономикасына қалай әсер етіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады. 

«Екібастұз қаласында темір жол саласына арналған бұйымдардың кең спектрін өндіретін 6 кәсіпорыннан тұратын кластер құрылды. Мұнда 2 мың адам жұмыс істейді. Қазіргі уақытта 104,2 млрд теңгеге қосымша 3 жоба іске асырылуда. Саран қаласында 6 кәсіпорыннан тұратын кластер құрылды, оның үшеуі машина жасау саласына тиесілі. Бүгінгі күні 2 жаңа жоба, оның ішінде тұрмыстық техникаға арналған электр компоненттер өндірісі пысықталуда. Нәтижесінде, өндіріс орындарының әртараптылығы Саранды моноқала мәртебесінен шығаруға мүмкіндік берді», - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ ол келшекте кластерлік тәсілді машина жасаудың басқа секторларына да тарату жоспарда бар екенін айтты.

Қанат Шарлапаев алдағы 5 жылды бұл салаға шамамен 600 млрд теңге бөлу пысықталып жатқанын айтты.

Серіктес жаңалықтары