Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

27 мамыр 2025 9:25 / Новости Казахстана

Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, деп хабарлайды Arbat.media.

Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста жаңбыр, қар түрінде жауын-шашын түседі. Батыста, солтүстік-батыста, оңтүстікте күн ашық болады.

Республика бойынша жел күшейіп, батыста, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Абай, Ақмола, Қостанай облыстарының кей бөліктерінде 1-2 градус үсік жүруі ықтимал.

Астанада күн ала бұлтты. Ауа температурасы күндіз +19+21°С, желдің жылдамдығы түнде 3-8, күндіз 9-14м/с.

Алматыда күн ала бұлтты. Ауа температурасы күндіз +21+23°С, желдің жылдамдығы 3-8 м/с

Шымкентте күн бұлтты, жауын-шашын болады. Ауа температурасы +26+28°С, желдің жылдамдығы 8-13 м/с, түнде екпіні 15-20 м/с-ге дейін жетеді.

Серіктес жаңалықтары