Семейде 11-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады

16 қараша 2026 17:20 / Новости Казахстана

Семей қаласында 11-сынып оқушысы көз жұмды. Ішкі істер министрлігі қайғылы жағдайды растады. Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.

Informburo.kz мәліметінше, жасөспірім көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кеткен.

Осы қайғылы оқиғадан кейін Оқу-ағарту министрлігі балалардың қауіпсіздігін қорғау мәселесін тағы да көтерді. Атап айтқанда, балаларды ересектер тарапынан болуы мүмкін қысым мен буллингтен қорғау мәселесіне назар аударылмақ.

Серіктес жаңалықтары