Шерзат Полаттың отбасы жаңа баспанасына кірді

24 қазан 2025 11:40 / Новости Казахстана

Қаржаубай Нұрымов жаңа баспанылы болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қуанышты хабарды отбасының адвокаты Мейірман Шекеев жеткізді.

Мейірман Шекеев әлеуметтік желәдегі парақшасына Қаржаубайды жаңа баспанасымен құттықтап барған бейнесін жариялады.

«Әуелі Алланың одан кейін Асқар, Асхат бауырларымыздың жомарттығының, Алматы облысы әкімдігінің қадағалап, жұмыла көрсеткен бірлігінің және қарапайым халықтың дұғасының арқасында Қаржаубай отбасына қуаныш сыйлай алдық деп ойлаймын», – деп жазды адвокат.

Еске салайық, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Полат 2024 жылы 4 қазанда Алматының маңындағы Талғар қаласында төбелес кезінде қаза тапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйін әлдекімдер өртеп кетті. Юір жыл уақыт өтсе де үйге от қойғандардың кім екені анықталмады.

Серіктес жаңалықтары