Стримде балағат сөз айтқан блогерлер қамалды

4 тамыз 2026 11:21 / Новости Казахстана

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, тікелей эфир кезінде қоғамдық тәртіпті бұзған 20-дан астам блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың бір бөлігі қамалса, енді біріне айыппұл салынды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Шымкентте 48 жастағы Ербол Дүйсенбаев TikTok-тағы тікелей эфирде боғауыз сөз айтқаны үшін сот шешімімен 10 тәулікке қамауға алынды.

Талдықорғанда 44 жастағы Гүлмира Қасенова эфир барысында былапыт сөз қолданған. Бұған дейін де жауапкершілікке тартылған әйелге бұл жолы әкімшілік айыппұл салынды. Павлодарда 26 жастағы Аслан Амантаев көлік жүргізіп отырып стрим жасаған әрі қауіпсіздік белдігін тақпаған. Сот оны 20 тәулікке қамады. Түркістанда bayan_kyz, fatima.sh0000 және fatima_s003 лақап аттарымен танымал Баян Шанкееваға тікелей эфирдегі балағат сөздері мен агрессивті әрекеті үшін айыппұл салынды.

 

 

Серіктес жаңалықтары