Суицид; Жас жігіт өзіне қол жұмсаған

30 қараша 2023 11:12 / Новости Казахстана

Ақтөбедегі жоғарғы оқу орнының 1-курс студенті өз-өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қазіргі кезде суицидтің себебі анықталып жатыр.

Ақтөбе полиция басқармасы кезекші бөліміне Жұбановтар көшесіндегі көпқабатты үйдің балконынан жас жігіттің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. 

- Жоғарғы оқу орындарының бірінде оқитын 20 жастағы жігіттің мәйіті табылып, оның өзіне қол жұмсағаны анықталды. Суицидтің себептері анықталуда, - дейді ПД баспасөз қызметі.

Студент Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде оқыған. 

- Оқиға бойынша полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр. Университет тергеуге толық көмек көрсетеді. Ол белсенді студенттердің бірі болды, оқуы мен тәртібіне қатысты шағым болған емес. Бірінші семестр бойынша сабақтарын үздік аяқтап, қорытынды емтихандарға жолдама алған, - деп хабарлады Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің баспасөз хатшысы Әсел Бақбергенова. 

 

Серіктес жаңалықтары