Шымкентте есірткіге қатысты қылмыс жасаушылардың басым бөлігі — ер адам

10 қазан 2024 10:00 / Новости Казахстана
Фото: Pexels

Жыл басынан бері Шымкентте есірткі қылмысына қатысты 447 жағдай тіркелген. Оның ішінде 397 адамға сот үкімі шықты. Бұл туралы Шымкент қаласы прокурорының орынбасары Ержан Марат мәлімдеді. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің айтуынша, есірткі қылмысын жасаушылардың басым көпшілігін ер адамдар құрайды. Оның ішінде 40 жастан асқандар көп, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады. 

«Есірткінің ең көп тараған түрі синтетика. Себебі, өте арзан, әрі дайындауда өте оңай. Сондай-ақ, басқа есірткіге қарағанда мұның зардабы да көп. Сондықтан синтетикаға байланысты күресте нәтижеге жету үшін бірнеше талаптар қойылуда», - деді Ержан Марат.

Шымкент қаласы полиция департаменті басшының орынбасары Арман-Арун Бейсенбиев интернет арқылы есірткі сатудың жазасы ауыр болатындығын жеткізді.

«Интернет желісінде есірткі сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік 10 жылдан басталады. Ал, контрабандамен байланыста болу өмір бойы бас бостандығынан айыруға алып келеді. Бүгінде интернетте 2000-нан астам парақша жойылғанына қарамастан, жаңасы қайта ашылып жатыр. Сондай-ақ, күнделікті бұғаттау жұмыстары да жүруде. Есірткі сатушы, сатып алушы, тасымалдаушы, тығушы бірін-бірі танымайды. Сондықтан анықтау жұмыстары қиындық тудырады. Бірақ соған қарамастан полиция 400-ден астам есіткіге қатысты қылмыстарды анықтады. Соның ішінде 75-і есірткі сатумен байланысты. Ал, оның 70 пайызы интернет желісінде орын алған қылмыстар», - деді Арман-Арун Бейсенбиев.

Серіктес жаңалықтары