Талғарда күйеуін пышақтаған әйел мен оның анасы әкімдікте жұмыс істеген

6 наурыз 2026 18:33 / Новости Казахстана

Алматы облысы Талғар қаласында 47 жастағы ер адамды әйелі мен енесі пышақтап өлтірді. Оқиғаның мән-жайы анықталды, деп хабарлайды Arbat.Media Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Оқиға туралы марқұмның туыстары айтып берді.

"Әйелі үш жылқысын күйеуіне айтпай сатып жіберген. Бауырымыз полицияға арыз жазады, полиция кім сатқанын, кімге сатқанын бәрін дер кезінде анықтап берген. Жылқыны сатып алған адам осы үйдің әйелін көрсеткен. Бірақ әйел мойындамаған, содан жанжал шыққан", - дейді марқұмның Қайрат есімді туысы.

Оның сөзінше, күдікке ілінген енесі де, әйелі де Талғар әкімдігінде жұмыс істейді.

"Әйелі Талғар әкімі орынбасарының хатшысы, ал енесі сол әкімдікте кіре берісінде отырады, күзетші. Біздің ойымызша сол себепті де шулатпай жасырып ұстады", - дейді марқұмның туысы.

Туыстарының айтуынша, әйелі мен енесінің қолынан айуандықпен ажал құшқан Алмат Есенов кәсіпкер болған. Мал шаруашылығы бар, қалада газға байланысты қызмет көрсететін серіктестікте басшы қызметін атқарған.

"Ағамызды өлтіріп тастап, 5 сағат бойы балконда тығылып жатқан. Ағамыз жан дауысы шығып айқайға басқан, есіктен шыға алмаған. "Помогите" деп айқайлаған. Қарама-қарсы тұратын көршісі үй иесіне хабарласып, сенің үйіңде сұмдық боп жатыр деген. Пәтердің иесі 10 минутта жетіп келіп, полиция шақырған", - дейді туысы.

Күйеуін өлтірді деген күдікті әйел 39 жаста.

Серіктес жаңалықтары