Ұлттық алауыздықты қоздырған тағы бір блогер бас бостандығынан айырылды

19 қараша 2025 14:28 / Новости Казахстана

Әлеуметтік желіде Северный Казах атымен танымал блогер Аслан Төлегенов ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны және көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл ақпаратты Kozachkov offside Telegram-арнасы таратты. Атышулы іс бойынша сот отырысы жабық түрде өткен. Ақмола облысының Көкшетау қалалық соты ресми түсініктеме берді. Соттың мәліметі бойынша, айыпталушы Youtube-та өз арнасының авторы және әкімшісі бола отырып, ұлттық алауыздықты қозғауға бағытталған бейнероликтерді жариялаған.​Сонымен қатар, ол жалған ақпарат таратқан,

​Сотта Аслан Төлегенов кінәні толық мойындады.

«Іс қысқартылған тәртіппен қаралды. Сотта сараптама қорытындылары, ұялы телефон, интернет-сайттағы бейнежазбалар тексеріліп, дәлелденді», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімімен блогер 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары