Жанәбіловтің ісі бойынша сот БАҚ өкілдерінсіз өтетін болды.
Астанада Ерболат Жанәбіловке қатысты отбасылық жанжал бойынша әкімшілік іс қаралды. Блогер сотқа өзі келсе, жұбайы Эльмира Төлегенова онлайн қатысты, деп хабарлайды Arbat.Media.
«Бұл – отбасылық мәселе. Сондықтан сот отырысына БАҚ өкілдерінің қатысуына қарсымын», – деді Жанәбілов.
Эльмира Төлегенова да оны қолдағаннан кейін судья журналистерден залдан шығуды сұрады.
Бұған дейін Төлегенова күйеуі мен оның туыстарынан бой тасалап, киім сақтайтын бөлмеге кіріп алғанын айтшан еді. Артынша полиция ерлі-зайыпты арасында тұрмыстық жанжал болғанын анықтаған.
Төлегенова арыз жазудан бас тартып, кейін өзіне қол көтерілмегенін мәлімдеді. Соған қарамастан, полиция Жанәбіловке қатысты әкімшілік хаттама толтырған. Соттың қорытынды шешімі әзірге жарияланған жоқ.