5 бала көз жұмған апат: Жүк көлігінің жүргізушісі қамауға алынды

8 тамыз 2024 1:39 / Новости Казахстана

Самара — Шымкент тасжолының Хромтау ауданы Бөгетсай ауылы маңында болған жол апатынан соң жүк көлігінің жүргізушісі қамалды. Қазіргі кезде бірнеше сараптама тағайындалған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ақтөбе облыстық ПД бастығының орынбасары Ғалым Байжановтың айтуынша, екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік апатынан соң тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Күдікті «MAN» көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

— Полиция департаменті балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары бастады. Барлық жауапты тұлғаларға құқықтық баға беріледі. Қажетті сараптамалар тағайындалды, — деді Ғалым Байжанов.

 

Серіктес жаңалықтары