Марат Омаров Қазақстан футбол федерациясының президенті болып сайланды
20 желтоқсан күні Астанада Қазақстан футбол федерациясының конференциясы өтті. Онда ҚФФ-ның жаңа президентін сайлау үшін дауыс беру жүргізілді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Көп дауыс жинаған Марат Омаров болды. Оны 34 делегат қолдады.
Марат Омаров – «Болашақ» бағдарламасының түлегі, 1988 жылы туған. 2010 жылы Ұлыбританияның Йорк университетін «философия, саясаттану және экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Ал 2011 жылы Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінде (LSE) әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесін алған.
2022 жылғы 16 тамызда ол Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін басқарды.
Айта кетейік, 8 қарашада ҚФФ-ның экс-президенті Әділет Барменқұлов қызметінен кеткен болатын.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: