Сот уақытты ауыстыру туралы талапты қанағаттандырмады
Астана соты қаланың тұрғынының Қазақстандағы уақыт ауыстыру туралы қаулысын заңсыз деп тану туралы талап арызын қанағаттандырмады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Астанада жергілікті тұрғынның уақытты ауыстыру туралы қаулысын заңсыз деп тану талап-арызы бойынша сот ісі аяқталды. Талапкер уақыт белдеуін ауыстыру астрономиялық деректерге сәйкес келмейтінін және үкіметтің мұндай шешімдерді қабылдауға заңдық негізі жоқ екенін айтты.
Сот үкіметтің мұндай қаулыларды шығаруға заңды өкілеттігі бар екенін айтып, талапты қанағаттандырудан бас тартты.
Бұл шешім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: