Жоғарғы сот мектептерді оқу процесіне орамал таққан оқушы қыздарды қабылдауға міндеттеді
Жоғарғы сот мектептерді сабаққа орамал таққан оқушы қыздарды кіргізуге міндеттеді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Жоғарғы сот мектептің орамал таққан қызды оқу процесіне қатыстырмау мақсатында жасалған әрекеттерін заңсыз деп тауып, арызданушы ата-ананың арыз талабын қанағаттандырды.
Сот өз шешімі бойынша білім алу құқығы Қазақстан азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі болып табылатындықтан айта отырып, мектеп формасын қадағалайтын және талап ететін жеке құзырлы мемілекеттік органдар бар екендігін хабарлады.
Ата-аналар мектеп жарғысы мен мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға жауапты. Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен оқыту, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі өзіне алған және заңмен белгіленген міндеттерін орындамауы заңда белгіленген, оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген жауаптылыққа әкеп соғады, - деп хабарлады сотта.
Бұл ретте Атырау, Қарағанды, Павлодар, Түркістан облыстарының соттары осындай ұқсас шешімдерге келді.