Әлеужеліде ұлтаралық араздықты қоздырған әйел ұсталды

18 шілде 2024 10:12 / Новости Казахстана

Әлеуметтік желіде ұлтаралық арандатушылық және балағат сөздер айтқан әйелдің бейнежазбасы тарады. Алматы полиция департаменті бейнежазбағы әйелдің ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады. 

- Өз сөзінде әдепсіз сөздерді қолданып, ұлтаралық балағат сөздер айтқан алматылық тұрғын ұсталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар тергеу басқа да күдіктілердің әрекетін зерделеуде, оларға тиісті құқықтық баға берілетін болады, - деп хабарлайды.

Полиция департаменті азаматтарды сабыр сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

Серіктес жаңалықтары