Алматыда атыс дауыстары естілді: полиция тергеу жүргізіп жатыр

27 қыркүйек 2024 23:59 / Новости Казахстана
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматыда көлік ішінен атыс дауысы естілді. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбада оқиғаның 22 қыркүйекте Бөкейханов көшесінің бойында болғаны айтылған. Алматы қаласы Полиция департаменті атысқа қатыса бар күдіктілер ұсталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Arbat.media.

- Аталған дерек бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Оқиғаға қатысушылар ұсталды. Жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Серіктес жаңалықтары