«Алматыэлектротранс» серіктестігі 250 млн теңгені заңсыз жұмсамақ болған
Алмалы ауданының прокуратурасы «Алматыэлектротранс» жауапкершілігі шектеулі серіктестікттен мемлекеттік сатып алу туралы заңды бұзу фактісін анықтады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
«Серіктестік міндетті сақтандыру шартын электрондық мемлекеттік сатып алу порталын айналып өту арқылы және қағаз түрінде заңсыз жасаған. Прокуратураның қолданған шараларымен міндетті сақтандыру шарты сот тәртібімен бұзылып, 250 млн теңге бюджет қаражаты мемлекет кірісіне қайтарылды. Кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылды», — делінген хабарламада.
Еске салайық 1 шілдеде Мемлекет басшысы «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңға қол қойды.
Заң сатып алу процесінің рәсімдерін оңтайландыруды, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуды, мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігін күшейтуді және бәсекелестікті дамытуды көздейді.