Азық-түлік бағасын шарықтатқандар қатаң жазаланады

5 қыркүйек 2024 13:34 / Новости Казахстана
Фото: kazgazeta.kz

Сауда және интеграция министрлігі ӘҚБтК-ке әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне сауда үстемесін асырғаны үшін бизнес өкілдеріне әкімшілік жазаны қатаңдату жөнінде түзету әзірледі. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова 3 қыркүйекте өткен ӘМАТ бағасын тұрақтандыру жөніндегі кеңесте өзгерістер жобасы бойынша реттеушілік әсерге талдау жүргізілгенін, құжат жақында Мәжіліске жіберілетінін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

«Қолданыстағы Заң бойынша әлеуметтік азық-түлік өнімдеріне 15%-дан артық үстеме қосуға болмайды. Кәсіпкердің заңды бұзғаны анықталған жағдайда, бірінші жолы ескерту беріледі. Өзгерістер осы ескертуді 5-тен 150 АЕК-ке дейінгі айыппұлға ауыстыруды көздейді», деді Айжан Бижанова.

Ведомство мәліметінше, әлеуметтік өнімдерге сауда үстемесін асырғаны үшін 2023 жылдың 8 айында 760 қаулы, ал 2024 жылдың басынан бастап 29 тамызға дейін 11,8 млн теңге сомасына 2 807 әкімшілік қаулы шығарылған, бұл былтырғыдан 4 есеге көбейгенін білдіреді.

Серіктес жаңалықтары